
Кишинев, 2023 жылғы 23 қазан – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Мәдениет Министрі Сержиу Проданмен кездесті.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуына орай мәдениет саласындағы өзара қарым-қатынастар мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.
Осыған және Республика күніне орай Қазақстан Елшісі Министрді 2023 жылғы 26 қазанда Республика сарайында өтетін әйгілі қазақ этно-фольклорлық «Тұран» тобының концертіне шақырды.
Сонымен қатар, Министр елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарға жаңа серпін берудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, С. Продан мәдениет күндерін, сондай-ақ бейнелеу өнері, кино, театр, балет, музыка, халық шығармашылығы және т. б. салаларда бірлескен іс-шаралар өткізуге қызығушылық білдірді.