
Кишинев, 2023 жылғы 10 қазан – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың бірқатар министрліктерінің басшыларымен кездесті.
Білім және ғылым министрі Дан Перчунмен кездесу барысында білім және ғылым салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, екі елдің жоғары оқу орындары арасында ықпалдастықты жолға қоюға, студенттер алмасуын ұйымдастыруға, ғылыми салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдіріліп, осы бағытта екіжақты шарт-құқықтық базаны нығайту қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында қойған қазақстандық білім беру саласындағы жаңа міндеттер туралы айтып берді.
Әділет министрі Вероника Михайлов-Морарумен кездесуде Елші Айдарбеков Молдова тарапын екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелермен таныстырып, өзара мүдделілік танытатын салаларда ынтымақтастықты кеңейтудің ықтимал жолдарын талқылады.
Әділет министрі мекемесінің ағымдағы міндеттері мен алдағы кезеңге арналған жоспарларына тоқталды, сондай-ақ қазақстандық тараппен жетекшілік ететін бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Сұхбаттасушылар екіжақты ықпалдастықты белсендіру үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.