
Кишинев, 2023 жылғы 4 қазан – Қазақстан Елшілігінде Елші Алмат Айдарбековтің Молдова Ұлттық кітапхананың Бас директоры Елена Пинтилей бастаған өкілдерімен кездесу өтті.
Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған кездесу барысында қазақстандық дипломат қатысушыларды қазақ әдебиетінде детективтік жанрдың негізін қалаушы, драматург және көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.
Сонымен қатар, Қазақ әдебиеті орталығы ашылған Ұлттық кітапхананың өкілдеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың румын тілінде жарық көрген «Әке туралы ой-толғау» кітабы таныстырылып, сыйлық ретінде тапсырылды.
Кездесуге қатысушылар халықтарымыздың мәдени жақындасуында екі елдің жетекші кітапханалары арасында ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Румын тіліне аударылған қазақстандық авторлардың басқа да кітаптары Ұлттық кітапханаға берілді.