
Ү.ж. 28 тамызда Кишинев қаласында ҚР-дың Молдовадағы Елшілігінің қызметкерлері Молдовада оқитын студенттермен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы туралы мәлімет берілді. Дипломаттар алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуі туралы айтып берді. Мемлекеттіліктің, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқатын арттырудың берік тірегі болып табылатын Негізгі Заңның маңыздылығына ерекше назар аударылды. 2022 жылғы республикалық референдум нәтижесінде жаңартылған Конституция ұлттың шоғырлануының символына айналғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында аталған білім ордасында оқып жатқан қазақстандық студенттердің Молдовада оқуы мен тұрмыс жағдайларымен танысылды.
Биыл Қазақстанда Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл, Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл және атақты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800-жылдығына арналған іс-шаралардың атап өтілетінін айта келе, Елшіліктің қатысуымен студенттердің арасында аталған тақырыптарға реферат жазу немесе презентация жасау сияқты іс-шараларды өткізуді ұсынылды.
Университет басшылығы бұл пікірді қолдай отырып, Елшіліктің қазақстандық студенттермен кездесулері жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.