
Ү.ж. 26 мамырда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Владимир Болямен кездесті.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан дипломаты Қазақстан-Молдова экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы Молдова бөлігінің тең төрағасы В.Боляны ү.ж. 14 маусымда гибридті форматта өтетін «Қазақстан-жаңа мүмкіндіктер» атты Бизнес-форумға қатысуға шақырды. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік құрылымдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысады. Бұл екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін береді.
Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Молдова Премьер-министрінің орынбасарын Астана қаласында өткізуі жоспарланған Қазақстан-Молдова Үкіметаралық комиссиясының алдағы 6-отырысының мәселелерін пысықтау барысы туралы хабардар етті.
В.Боля Шығыс Еуропа өңіріндегі болып жатқан күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Молдова тарапы Қазақстанмен екіжақты өзара
іс-қимылды одан әрі дамытып, нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Сұхбат аяғында Тараптар тұрақты кездесулер өткізуге және өзара мүддені білдіретін бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға келісті.