Қазақстан мен Молдова инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Молдова инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастық мәселелерін талқылады

        Ү.ж. 12 мамырда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Инфрақұрылым және Өңірлік даму министрі Лилия Дабижамен кездесу өткізді.

        Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Министр басқарып отырған Министрліктің жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айта отырып, соның ішінде қазақстандық тараптың қатысуымен Молдова темір жолдарының стратегиялық учаскесін жаңғыруына тоқталды.

        Л.Дабижа осыған ұқсас басқа да жобалар бойынша ынтымақтастықтың перспективалары бар екені туралы, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың елордада, сондай-ақ өңірлерде де қатыса алатын басым инфрақұрылымдық жобалар туралы хабарлады. Бұл ретте Министр қазақстандық инвесторларды жолдар мен әлеуметтік саланың объектілерін салу жөніндегі жобаларға қатысуға шақырды.

        Тараптар «Транскаспий халықаралық көлік бағытын» ілгерілетуге, сондай-ақ логистиканы дамытуға ерекше назар аударды.

        Қазақстан Елшісі Қазақстандағы саяси қайта құрулар мен әлеуметтік-экономикалық даму туралы хабарлады.

        Сұхбат аяғында Тараптар тұрақты кездесулер өткізуге және өзара мүддені білдіретін бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға келісті.