Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

         2023 ж. 15 наурызда Кишиневте Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтің Молдова Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесуі өтті.

         Сұхбат барысында қазақстандық дипломат ү.ж. 19 наурызда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы Спикерді хабардар етті. Сондай-ақ ҚР Елшісі Президент Қ.Тоқаевтың бастамасы бойынша конституциялық, саяси және экономикалық реформалар шеңберінде ҚР сайлау заңнамасының жаңалықтарымен егжей-тегжейлі таныстырды.  

         Өз кезегінде, И.Гросу Қазақстандағы демократиялық қайта құруларға қолдауын білдіріп, парламентаралық және үкіметаралық өзара іс-қимыл бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге әзір екенін айтты.

         Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды.

         Сұхбат соңында тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.