
2023 ж. 9 наурызда Кишиневте Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтің Молдованың Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Анжелика Караманмен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында ҚР Елшісі Қазақстанның соңғы жаңалықтармен, атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан елдегі демократиялық қайта құрулар, конституциялық, саяси және экономикалық реформалар туралы бөлісті. Сондай-ақ қазақстандық дипломат ү.ж. 19 наурызда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы және Елшілік жанынан тұңғыш рет сайлау учаскесі ашылатыны туралы хабардар етті.
Өз кезегінде А.Караман ү.ж. 16 наурызда парламенттік сайлауды бақылауға қатысу үшін Астана қаласына баратынын хабарлады. Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер Молдова тарапының қызығушылығын тудырды.
Сұхбат соңында тараптар тәжірибе алмасу және елдердің ОСК бағыты бойынша өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.