Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің Дөңгелек үстеліне қатысты

Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің Дөңгелек үстеліне қатысты

         2023 ж. 7 наурызда Кишинев қаласында Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламенті Төрағасының орынбасары Влад Батрынчаның басшылық етуімен депутаттар ұйымдастырған «Ұлттық мүдделер жүйесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: Молдова Республикасы үшін ынтымақтастықты дамыту әлеуеті мен перспективалары» атты тақырыбына Дөңгелек үстелі жұмысына қатысты.

         Қазақстандық дипломат өз сөзінде Қазақстан ТМД негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті. 30 жыл ішінде Достастық беделді өңірлік интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасып, оның шеңберінде мүше мемлекеттердің тату көршілік, әріптестік, өзара пайда және бір-бірінің мүдделерін есепке алу қағидаттарында қатынастарды құруға ұмтылатыны атап көрсетілді.

         Қазақстан Елшісі Молдова өзінің ТМД-ға қатысуының артықшылықтарын пайдалануды жалғастырып келе жатқанына назар аударды.

         Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстандағы соңғы жаңалықтар, атап айтқанда, ү.ж. 19 наурызда өтетін парламенттік сайлау, сондай-ақ Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді.

         Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушылар ТМД-мен, оның ішінде Қазақстанмен өзара мүддеге сай барлық салалардағы іс-қимыл мәселелеріне қызығушылық танытты.