Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің достық тобымен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің достық тобымен кездесті

  

2023 ж. 3 наурызда Кишинев қаласында Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламентінің депутаты Богдан Цырдя бастаған Достық тобының мүшелерімен кездесті.

Дәстүрлі түрде сәлемдесуден кейін Қазақстан дипломаты 2023 ж.
19 наурызға өтуі белгіленген Қазақстандағы парламенттік сайлау, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстанда жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформалар туралы Молдованың депутаттық корпусын хабардар ету бүгінгі кездесудің мақсаты болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауды өткізу жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдаған конституциялық реформаның қисынынан туындағанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша біздің еліміз биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелерге көшті.    

Өз кезегінде Молдованың халық қалаулылары парламентаралық ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстанмен өзара іс-қимыл мәселелеріне қызығушылық білдірді.  Сондай-ақ топ өкілдері өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жоспарына мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар диалогты барлық форматта жалғастыруға келісті.