
Ү.ж. 15 ақпанда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Инвестициялар жөніндегі агенттігінің Бас директоры Марин Чобанумен кездесті.
Сұхбат барысында инвестициялар, сауда мен өндірісті дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Қазақстан дипломаты ҚР-дағы өткізіліп жатқан саяси, демократиялық және конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, шетелдік инвесторлар үшін преференциялар мен өзара іс-қимылдың перспективалары туралы айтты.
Агенттік басшысы М.Чобану Молдовадағы еркін экономикалық аймақтарды құру мен олардың қызмет істеу тәжірибесі туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанның ұқсас құрылымдармен өзара тиімді қатынастарды құруға әзір екенін білдірді.