Ү.ж. 26 қаңтарда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Гагаузия автономиясына барып, өңір басшысы Ирина Влахпен, Халық Жиналысының, Инвестициялар және экспортты ілгерілету агенттігінің, сондай-ақ бірқатар өндірістік кәсіпорындардың басшылығымен кездесулерді өткізді.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ел ішіндегі және өңірдегі ағымдағы ахуал туралы пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат ү.ж. 19 наурызда өтетін Парламенттік сайлау, ҚР-дағы саяси жаңарулар мен демократиялық және конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, экономикалық басымдықтар мен өзара іс-қимыл перспективалары туралы айтып берді.
Гагаузия басшылығы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту әзір екенін білдірді.