
Ү.ж. 7 желтоқсанда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Кишиневтің Бас примары Ион Чебанмен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар инфрақұрылымдық жобаларға, сондай-ақ мәдениет пен туризмге қатысты екіжақты өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалар, жол құрылысы, қаржы-банк секторы, білім беру және т. б. салаларда қолданылатын озық технологиялар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Кишиневтің Мэрі өзі басқаратын ведомствоның жұмысы туралы хабарлады. И. Чебан Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады, сондай-ақ ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы экономика және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.