
Ү.ж. 23 қарашада Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР реинтеграция жөніндегі Вице-Премьер-министрі Олег Серебрянмен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы өңірлік ахуал туралы пікір алмасты.
О. Серебрян Кишинев пен Тирасполь арасындағы қарым-қатынасқа қатысты соңғы өзгерістер, қолданыстағы коммуникациялық алаңдардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы және энергетикалық және гуманитарлық мәселелер бойынша диалогты ілгерілету перспективалары туралы айтты.
Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және демократиялық реформалар туралы айтып, өзара іс-қимылдың экономикалық басымдықтары мен перспективалары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде О.Серебрян Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін білдірді.