Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Молдованың Ішкі істер министрімен кездесті

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Молдованың Ішкі істер министрімен кездесті

2022 ж. 6 қазанда Кишинев қаласында Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Ішкі істер министрі Ана Ревенкомен кездесті.

Сұхбат барысында Тараптар екі жақты қарым-қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР Елшісі үстіміздегі жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толғанын және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Елшілік ашу туралы шешімі Астананың Молдовамен ынтымақтастығына ерекше мән берілуін куәландыратынын атап өтті. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанда, сондай-ақ Молдовада екіжақты ынтымақтастықтың табысты мысалдары туралы айтты. Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу қажеттілігі атап өтілді.

ҚР-да болып жатқан процестер туралы ақпараттандыру тұрғысынан қазақстандық дипломат еліміздегі одан әрі демократиялық өзгерістер бойынша реформалардың мәнін егжей-тегжейлі баяндады.

Өз кезегінде Молдованың Ішкі істер министрі басқарып отырған ведомствоның қызметі туралы айта отырып, негізгі басымдықтарға: дағдарыстық жағдайларды басқару, қоғамдық қауіпсіздік пен еуроинтеграцияға тоқталды. Сонымен қатар, ведомство басшысы Украинадағы әскери іс-қимылдарға байланысты өңірдегі ахуалдың дамуы Молдова Республикасының мемлекеттік шекараларының қауіпсіздігі үшін қолайсыз жағдай жасап жатқанына, сондай-ақ оларды шешу үшін Министрлік қабылдаған шараларға назар аударды.

Кездесудің аяғында Тараптар жұмыс байланыстарды жалғастыру мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.