
Ү.ж. 5 қазанда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Сауда-Өнеркәсіп палатасының Президенті Сергей Харямен кездесті.
Елші екіжақты сауда ынтымақтастығын кеңейту үшін жағдайлар жасау, соның ішінде Молдова бизнесі өкілдерінің қазақстандық нарыққа кіру кезіндегі шарттармен және преференциялармен танысу жөніндегі іс-шараға дайындық, жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде СӨП Президенті Сауда-Өнеркәсіп палатасының қызметі, оның мақсаттары мен міндеттері, жеке сектордың мемлекеттік субъектілермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ Палатаның өткізетін іс-шараларды туралы хабардар етті.
Ынтымақтастықты одан әрі тиімді кеңейту мақсатында екі елдің Сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы онлайн форматтағы іс-шараларды, оған қоса телеконференцияны өткізу жөнінде шешім қабылданды.