Қазақстан Елшісі Молдова Республикасының Экономика министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Республикасының Экономика министрімен кездесті

Ү.ж. 4 қазанда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Экономика министрі Серджиу Гайбумен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде тауар айналымын кеңейту мен инвестициялық тартымдылығы саласындағы өзара қарым-қатынастарды талқылады.

Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және демократиялық реформалар туралы хабардар етіп, өзара іс-қимылдың экономикалық басымдықтары мен перспективалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Экономика министрі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады және Агроөнеркәсіп кешені, өндіріс және IT-технологияларды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін білдірді.

Тараптар елдер арасындағы екіжақты диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан-Молдова экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын дайындауды бастауға уағдаласты.