2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Молдова Республикасында төтенше жағдай режимі қолданылады. Осыған орай шетелдіктер мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде Молдова Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шекара полициясы мен «FRONTEX» Еуропалық шекара полициясы мен жағалау күзеті агенттігі бірлесіп жүзеге асыратын паспорттық бақылау күшейтілді.
«Молдова Республикасындағы шетелдіктердің режимі туралы» 2010 жылғы 16 шілдедегі №200 МР Заңының 6-бабы 1-тармағының d-тармақшасына сәйкес транзитпен өтетін шетелдіктер үшін Молдова Республикасының аумағына кіруге межелі елдің (Украинаның) аумағына кіруге немесе Молдова Республикасының аумағынан кетуге рұқсат кепілдігін ұсынған жағдайда болады1.
Украинаның аумағына кіруге рұқсат беретін құжаттар болмаған жағдайда, шетелдіктерді Молдоваға кіргізбейді және оларды 24 сағаттың ішінде елден қайтарады.
[i] https://www.legis.md/cautare/getResults?doc_id=106814&lang=ru