Бельцы қаласының Мэрия басшылығы мен бизнес өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Бельцы қаласының Мэрия басшылығы мен бизнес өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

2022 жылғы 28 қыркүйекте ҚР-ның Елшісі Алмат Айдарбековтың Молдова Республикасының екінші ірі қаласы болып табылатын Бельцы қаласына сапары аясында Мэр Николай Григоришинмен және қала басшылығымен кездесулер өткізілді.

Сұхбаттасушылар Қазақстан өңірлері мен Бельцы қаласы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары мәселелерін талқылады.

Бұған қоса, бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Оның барысында екіжақты байланыстарды дамытудың басым экономикалық бағыттары қозғалды. Қатысушыларға шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан ұсынатын преференциялар бойынша ақпарат жеткізілді. Энергетика, аграрлық және өндірістік салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Тараптар ұйымдастырылатын форумдар мен конференцияларға қатысуға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, Бельцы футбол командасының басшылығымен және оның жартылай қорғаушысы - қазақстандық футболшы Вадим Яковлевпен кездесу өткізілді.

Сапар соңында жемісті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін Қазақстан қалаларының бірі мен Бельцы қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды орнату мәселесін талқылауды бастау ұсынылды.