
Ү.ж. 16 қыркүйекте Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Мәдениет министрі Сергей Проданмен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде мәдениет пен туризм саласындағы өзара қарым-қатынастарды талқылады.
Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен демократиялық өзгерістер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындылары, Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде РМ Мәдениет министрі өзі басқаратын ведомствода жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. С.Продан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
Тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту игілігі үшін диалогты жалғастыруға келісті.