
Ү.ж. 11 шілдеде Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Конституциялық Сотының Төрайымы Домника Манолемен кездесті.
ҚР Елшісі Қазақстандағы ел басшылығы жүргізіп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ ел Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша жақында өткен референдум туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Д.Маноле ханым Конституциялық Соттың жұмысы және Молдова заңнамасын Еуропалық Одақтың нормаларына сәйкестендіру аясындағы бастамалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң бағалады.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және ынтымақтастықты, оның ішінде Конституциялық Сот бағыты бойынша, одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.