
Ү.ж. 8 шілдеде Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламентінің Вице-спикері, МР Социалистер партиясының (МРСП) Атқарушы хатшысы Влад Батрынчамен және МРСП Атқару комитетінің мүшесі Ольга Чеботарьмен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
Тараптардың ҚР мен МР халықтарының мүдделері үшін өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі ниеттері атап көрсетілді.
В.Батрынча Молдовадағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы Елшіні хабардар етті. Сондай-ақ Вице-спикер Молдова Республикасының сыртқы саясатын Қазақстан Республикасы сияқты дәстүрлі әріптестер бағытында белсендіру қажеттілігі туралы өзінің пікірін білдірді. Өз кезегінде О.Чеботарь екіжақты күн тәртібіндегі кейбір мәселелер бойынша МРСП-тің ұстанымын таныстырды.
Қазақстандық дипломат саяси реформалар, демократиялық қайта құрулар және елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша жақында өткен референдум туралы Молдова тарапын хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға әзір екенін білдірді.