
Ү.ж. 25 мамырда ҚР-дың Молдовадағы Елшісі А.Айдарбековтың Кишинев қаласындағы «Divitia Gratiae» жеке меншік университетінде студенттермен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елші ү.ж. 5 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» ҚР Заңы бойынша Республикалық референдум өтетіні және аталған іс-шараның бас аспектілері туралы баяндады.
Сонымен қатар, кездесу барысында аталған білім ордасында оқып жатқан қазақстандық студенттердің Молдовада оқуы мен тұрмыс жағдайларымен танысылды.
Елші биыл Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған іс-шаралардың өтетінін айта келе, Елшіліктің қатысуымен аталған шетелдік білім ордасында оқып жатқан студенттердің арасында аталған тақырыпқа реферат жазу немесе презентация жасау сияқты іс-шараларды өткізуді ұсынды.
Университет басшылығы бұл пікірді қолдай отырып, Елшіліктің қазақстандық студенттермен кездесулері жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.