Ү.ж. 23 мамырда Кишинев - Қазақстан Елшісі А. Айдарбеков Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі В.Герчиумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және әріптестік қатынастарды жақсарту перспективаларын талқылады.
Атап айтқанда, астық селекциясында, мал шаруашылығында және сүт өнімдерін өндіруде жаңа шешімдерді іздеу есебінен тауар айналымын кеңейтуге мүдделілік атап өтілді.
Қазақстандық инвесторлардың өңдеу саласы жобаларына қатысу перспективалары, ирригациялық жүйелерді енгізу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын бірлесіп салу және жаңғырту мәселелері қаралды. Молдовалық тарап Қазақстанда энергия ресурстарын, сондай-ақ минералдық және химиялық тыңайтқыштарды сатып алуға ерекше қызығушылық танытты.
Келіссөздер нәтижелері бойынша бизнесфорумдар, сарапшы топтардың жұмыстарын өзектендіру және т.б. шеңберінде белсенділікті арттыру арқылы ынтымақтастыққа дайын әлеуетті серіктестерді айқындау туралы шешім қабылданды.