Молдова Парламентінің Төрағасымен Қазақстанның Молдовадағы Елшісі кездесті

Молдова Парламентінің Төрағасымен Қазақстанның Молдовадағы Елшісі кездесті

Ү.ж. 23 мамырда ҚР Молдовадағы Елшісі А. Айдарбеков МР Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Парламент спикері молдавия тарапының Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастарды арттыруға мүдделілігін білдірді, атап айтқанда қазақстандық іскер топтарды Молдова экономикасына инвестиция салуға шақырды.

Өз кезегінде, Елші Парламент басшысын екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы туралы хабардар етті, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті.

Қазақстандық тарап ел басшылығы жүргізіп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар ҚР мен МР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеуге бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігін талқылады.