
Ү.ж. 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Президенті Майа Сандуға Сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Елші МР Президентімен әңгімелесіп, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың (ТМД және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда) жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбат қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Кишиневтің екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екені атап көрсетілді.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.