Сыртқы көмек жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысу туралы

Сыртқы көмек жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысу туралы

2021 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Молдовада аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін Гагауз Ери Автономиялық-территориалдық құрылымының Башқаны жанындағы Сыртқы көмек жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Аталған іс-шара қарсаңында, яғни 2021 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Ерлан Мұқашев Гагауз Ери АТҚ-ның Башқаны  Ирина Влахпен жұмыс кездесуін өткізді.

Келіссөз барысында тараптар екі елдегі орын алған эпидемиологиялық ахуалдың динамикасы және экономикаларындағы үрдістер мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ Қазақстан аймақтары мен Автономия арасында әлеуметтік, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты арттыру перспективалары талқыланды.