Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Елшілік біздің азаматтарымызға төмендегіні еске салады:
Сіз «egov.kz – электрондық үкімет» порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электродық форматта ала аласыз.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% - дан астамы «egov.kz» сайтында қолжетімді екенін атап өтеміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.
Оған қатысты анықтамалық сілтеме келесідей: https://egov.kz/cms/ru/services/pass-onlineecp
Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз.