Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-молдова ынтымақтастығы

1992 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылы ҚР Украинада және Молдова Республикасында қоса атқарушы елшілігі ашылды.

2014 жылы Кишинев қаласында ҚР Бас консулдығы ашылды.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен Кишинев қаласындағы ҚР Бас консулдығы МР-дағы ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2022 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР-ның МР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмат Айдарбеков тағайындалды.

2025 жылғы 14 наурыздағы Молдова Президентінің Жарлығымен Штефан Горда Молдованың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Қазақстан мен Молдова арасында екіжақты байланыстар шеңберінде де, халықаралық алаңдарда тұрақты кездесулер шеңберінде де тұрақты саяси диалог жолға қойылған.

Қазақстан-Молдова қатынастарының маңызды кезеңдері жоғары деңгейдегі өзара сапарлар болды: Молдова Республикасының Президенті П.Лучинскийдің Қазақстанға ресми сапары (1999 жылғы маусым), Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Молдова Республикасына ресми сапары (2003 жылғы қыркүйек).

2022 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының шеңберінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың МР Президенті М.Сандумен кездесуі өтті.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы 31 халықаралық шарттар мен келісімдерден тұрады, олардың 20-сы мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейде қол қойылған.

Екі мемлекет арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды реттейтін базалық екіжақты құжаттар Өзара саудада тарифтік және сандық шектеулердің күшін жоюды және одан әрі қолданбауды көздейтін 1995 жылғы еркін сауда туралы келісімі, сондай-ақ 2018 жылғы 16 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.

Қазақстан мен Молдова халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Молдова Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардаға  тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстан Республикасының кандидатурасын, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы төрт нысаналы конвенциясына қосылуын қолдады.

Жемісті парламентаралық байланыстар құрылды. Халықаралық парламенттік құрылымдар – ЕҚЫҰ ПА, ЕКПА және т.б. шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жолға қойылған.

 

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
11 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
11 июня 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері
Ақпарат
27 марта 2025
"Қазақстан Республикасының мүдделерін шетелде білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
28 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары