Украиналық «Dairy Global Experts» компаниясы Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Украиналық «Dairy Global Experts» компаниясы Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстанның ұзақ мерзімді және сенімді серіктесі, украиналық Умань қаласының «Dairy Global Experts» компаниясы Қазақстандағы коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қолдану үшін 5000 дана санитарлық қорғау экрандарын сыйға тартты.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігі «Air Astana» авиакомпаниясымен бірлесе отырып, бұл жүк ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде ақысыз негізде Киевтен Алматыға жіберілді.

Гуманитарлық көмек «СК-Фармация» ЖШС-не Қазақстандағы медициналық мекемелер арасында тарату үшін беріледі.