Қазақстандық бизнес-делегациясы Киев қаласына іс-сапармен келді

Қазақстандық бизнес-делегациясы Киев қаласына іс-сапармен келді

Ү.ж. 27 тамызда «Ел-тірегі» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының Басқарма төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Альтаев бастаған қазақстандық бизнес-делегациясы Киев қаласына іс-сапармен келді.

Сапар шеңберінде Украина Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының басшысы Анатолий Кинахпен, Украина Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиковпен және Украина бизнес қоғамдастығының басқа да өкілдерімен кездесулері орын алды.

Сұхбаттар барысында ортақ міндеттерді жүзеге асыру үшін Жобалық кеңсені ашуға келісті. Сондай-ақ, тараптар бірінші кезекте ауылшаруашылық шикізатын терең өңдеу, ауылшаруашылық машина жасау, ІТ-индустрия салаларындағы жаңа бизнес-жобаларды ілгерілету мақсатында өзара ақпараттық, кеңестік және ұйымдастырушылық көмек жасауға уағдаласты. Бұл ретте, сұхбаттасушылар қазақстандық капиталдың Украинадағы масштабты жекешелендіруге қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Осы мақсаттарда УӨКО мен «Ел-тірегі» ӨКО арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, бірқатар В2В нысандағы кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Альтаевтың Қазақстанмен парламенттік достық тобының басшысы Евгений Шевченкомен және Жоғарғы раданың басқа да депутаттарымен кездесуі өтті. Тараптар өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласып, парламенттік делегациялардың іс-сапараларын ұйымдастыруға келісті.