
Ү.ж. 22 тамызда Ұлы Абайдың 175-жылдығы шеңберінде Харьков қаласында «қазақ мәдениетінің кеші» өтті.
Қазақстанның Харьков облысындағы Құрметті консулы Эмин Наджафли бұл іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жүйесіне енуді және қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты жандандурыға үлес қосуды өзіне үлкен мәртебе санайтындығын атап өтті. Бұл ретте, ол өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде Харьков облысындағы қазақ диаспорасын қолдауды және Қазақстанды достас Украинада кеңінен таныту екендігін атап өтті.
«Кеш» барысында Елшіліктің кеңесші-уәкілі Тохтар Игембаев Абайдың «Қара сөздерінің» украин тіліне аудармасының таныстырылымын жасады. Ол осы фундаменталды философиялық трактатта көтерілген проблемалардың барлығы осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпағандығына назар аударып, Абайдың дана өсиеттері көптеген, көптеген ұрпақтарға моральдық-этикалық бағыт беретіндігін атап өтті.
Харьков филармониясының солисті, скрипкашы Әсел Сейітжанова әйгілі қазақ композиторлары мен фольклорының шығармаларын шебер ойнады. Украинаның еңбек сіңірген әртісі Виктория Венникова арнайы нөмір дайындады: ол Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқап берді. Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдары мен қымызынан дәм татты.
Іс-шараға Харьков қаласы әкімшілігінің басшылығы, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, іскер топтар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.