30 қазанда Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның бұрынғы Премьер-министрі және Украиналық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті Анатолий Кинахпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларындағы өзара іс-қимылдың тәжірибелік аспектілерін талқылады.
Елдердің іскер топтары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қоса алғанда, бірқатар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша мүдделі пікір алмасу болды.
Сауда және транзиттік әлеуетті арттыру мәселесіне баса назар аударылды.