Украинаның Ұлттық суретшілер одағымен кездесудің қорытындысы бойынша пресс-релиз

Украинаның Ұлттық суретшілер одағымен кездесудің қорытындысы бойынша пресс-релиз

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Ұлттық суретшілер одағының басшысы К.Чернявскиймен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ Украина Ұлттық суретшілер одағының құрметті мүшесі В. Юричковский, суретші Ю. Новицкая, байланыс және халықаралық қызмет бөлімінің меңгерушісі О. Телятник және «Киев дипломатиялық» журналының бас редакторы А. Кондратенко қатысты.

Келіссөздер барысында К. Чернявский екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Суретшілер одағымен бірлесе отырып, Украина суретшілерінің Қазақстанда көрмесін өткізуді ұсынды және 1972 жылы Қазақстанда
Г. Чернявскиймен жазылған «Форт-Шевченко» атты картинаны сыйлады.

Д. Кәлетаев бұл бастаманы қолдап, туындылар арасында қазақстандықтар мен суретшілерге үлкен қызығушылық тудыратын тас мүсіндер туралы картиналар қоюды ұсынды.

Сонымен қатар, Елші Киевте украиналық суретшілердің Қазақстанға қатысты картиналарымен көрмесін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Елші бұған дейін қазақстандық суретшілер Ө. Жұбаниязовтың «Половец жауынгері» және Ғ. Әбенованың «Бірге» атты картиналарының түпнұсқалары украиндық тарапқа берілгенін хабарлады.  

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Елшісі қонақтарға Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды және Л. Фесивсканың Алғыс хатын табыстады.

Украина тарапы өз тарапынан қазақстандық суретшілер Ө. Жұбаниязов пен Ғ. Әбеноваға «Шығармашылық жетістіктері үшін» медальдарын тапсырды.