
Дархан Кәлетаев Львов қаласының мэрі Андрей Садовыймен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі қала басшысына 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында қазақстандық азаматтарды эвакуациялау кезінде көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы, өңіраралық байланыстар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес субъектілері арасындағы серіктестік туралы хабарлады.
А.Садовый қазіргі жағдайдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бизнестің дамуы мен өндірістік әлеуеті туралы хабардар етті.
Қала мэрі Львов көптеген украиндықтар пана тапқан ірі гуманитарлық хабқа айналғанын атап өтті. Ол Украина Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Львов қаласының Бірінші медициналық бірлестігі мен Львов қалалық кеңесі бірлесіп жүзеге асырып жатқан UNBROKEN жобасы туралы айтты.
UNBROKEN жобасы – бұл 10 астам жобаны біріктіретін бірегей экожүйе болып табылады, оның Украинада теңдесі жоқ. UNBROKEN экожүйесінің жүрегінде – ұлттық оңалту орталығы. Мұнда аяқ-қолынан айырылған әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарға, ересектерге де, балалар да жан-жақты білікті медициналық көмек алады. Орталық емдеу, протездеу, физикалық және психологиялық оңалту, тұрғын үй және реинтеграцияны қамтитын әртүрлі қызметтерді ұсынады.