Дархан Кәлетаев Львовтік Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Дмитро Афтанаспен кездесті

Дархан Кәлетаев Львовтік Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Дмитро Афтанаспен кездесті

Дархан Кәлетаев Львовтік Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Дмитро Афтанаспен кездесті. Қазақстан Елшісі Қазақстан экономикасының жай-күйі, қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық қатынастарын нығайту және дамыту болашағы, «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы хабардар етті. Қазақстандық бизнестің Украинадағы жұмысы жөнінде айтып берді. Екі елдің бизнесі арасындағы байланысты жандандыруды, онлайн форматта Қазақстан өңірлерінің бірі мен Львов облысының кәсіпкерлері арасында бизнес-форум өткізуді ұсынды. 

Д.Афтанас Львовтік СӨП 1850 жылы Аустрия императоры Франц-Иозифтің шешімімен құрылған Украинадағы ең көне палаталардың бірі екенін атап өтті. Ол 2025 жылы Львовтік СӨП өзінің 175 жылдығын атап өтетінін хабарлап, қазақстандық тарапты мерекелік шараларға қатысуға шақырды.

Львовтік СӨП Президенті Львов облысындағы өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы хабарлады. Д.Афтанас Қазақстанның өңірлік палаталарымен ынтымақтастықты жандандыру туралы өтініш білдірді.