
2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрі Игорь Петрашкомен кездесуі орын алды.
Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, бірлескен бизнес-жобаларды іске асыру және көлік дәліздерін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жөніндегі бірлескен қазақстандық-украиналық мемлекетаралық комиссия мен Сауда айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын белсеңді дайындықты бастау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы іс-шаралар қарсаңында Киев қаласында қазақстандық-украиналық бизнес-форум ұйымдастырылады.