
Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен Қазақстанның Қостанай облысы мен Украинаның Черкассы облысының басшылығы арасында бейнеконференция режимінде келіссөздер ұйымдастырылды. Онлайн жиналысқа Черкас аймағының бизнес-активінің өкілдері де қатысты.
Екі ел өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша жан-жақты сұхбат орын алды.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов украиналық серіктестерді облыстың экономикалық және инвестициялық әлеуетімен таныстырып, екі ел арасындағы жаңа іскерлік байланыстарды құру бойынша өз пікірімен бөлісті.
Черкассы Мемлекеттік облыстық әкімшілігінің басшысы Роман Боднар Черкассы аймағының экономикалық мүмкіндіктері менөңірде құрылған бизнесті қолдаудың институционалды құралдары туралы ақпарат беріп, бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыруда қолғабыс жасауға дайындығын білдірді.
Өз кезегінде бизнес өкілдері аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар нақты ұсыныстарын енгізді. Осыған орай, екі ел кәсіпорындарының ұсыныстарын жинақтап, кооперативті өзара іс-қимылға жан-жақты көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.