
Дархан Кәлетаев пен Қытай Халық Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фан Сяньжунмен кездесуі өтті.
Әңгімелесушілер Қазақстан мен Қытайдағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістер туралы пікір алмасып, екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.