
Елші Дархан Кәлетаев Киевтегі «Будинок Мами» (Ана үйі) ресурстық орталығының тұсаукесеріне қатысты.
Тұсаукесер рәсіміне Украинаның бірінші ханымы хатшылығының, Сыртқы істер министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің, Украина Омбудсменінің кеңсесінің, Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің, «OHMATDIT» ұлттық мамандандырылған балалар клиникасының, Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері және Украинада аккредиттелген Еуропа мемлекеттері мен ТМД елдерінің Төтенше және өкілетті елшілері мен дипломаттары, украиналық кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Жобаны Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен «Ана үйі» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.
Тұсаукесер барысында «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қлышбаева «Будинок Мами» ресурстық орталығының жұмыс істеуінің бірінші жылы туралы ақпарат берді. 2023 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін 18 әйелге қажетті көмек көрсетіліп, нәтижесінде 24 бала интернаттық мекемелерге түсуден құтылды. Қор Украинаның басқа да аймақтарында осындай мекемелер ашуды жоспарлап отыр.
Жоба Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Малайзия және Әзірбайжанда жүзеге асырылуда.
https://www.rbc.ua/rus/news/kazahstanskiy-proekt-initsiativi-borotbi-1717575108.html