Л.Б. Коган атындағы Днепропетровск филармониясының академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижерімен кездесу туралы

Л.Б. Коган атындағы Днепропетровск филармониясының академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі  және бас дирижерімен кездесу туралы

Дархан Кәлетаев қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, Л.Б. Коган атындағы Днепропетровск филармониясының академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Айдар Төребаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Украинаның шығармашылық ұжымдары арасындағы мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, мәдениет саласының жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасылды.

А.Төребаев Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры екенін айта келе, Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып, сол кезеңді жылы лебізбен еске алды. Ол қазақстандық шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың деңгейін жоғары бағалады.

Кездесу нәтижесі бойынша музыка саласында бірлескен шаралар өткізуге келісілді.