«АНА УЙІ» жобасының жетекшісімен кездесу туралы

«АНА УЙІ» жобасының жетекшісімен кездесу туралы

Дархан Кәлетаев «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаевамен кездесті.

Қор басшысы қордың әлеуметтік жобасы – «Аналар үйі» ресурстық орталықтарының жүзеге асырылуы туралы хабарлады. Жоба 2013 жылы қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен басталып, 10 жылдан астам Қазақстанның барлық аймақтарында «Аналар үйі» қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы жас аналарға көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда «Аналар үйі» жобасы аналардың 70% жаңа туған балаларын тастап кетуінің алдын алады.

2022 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте БҰҰ-ның саяси форумында «Аналар үйі» жобасы Қазақстанның әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған басты жобасы ретінде жарияланды.

Қазір бұл жоба Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Малайзия, Әзірбайжан елдерінде жүзеге асырылуда. Украинада жоба 2023 жылдың шілдесінде жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда 18 әйелге қажетті көмек көрсетіліп, нәтижесінде 24 бала интернаттық мекемелерге түсуден құтылды.

Қазақстан Елшісі «Ана үйі» қорының қызметін жоғары бағалап, жобаның одан әрі дамуына қолдау білдірді.