
Ағымдағы жылдың 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мерейтойы қарсаңында Елші Дархан Кәлетаев Н.Ә.Назарбаевтың жастық шағының және білім алған - Каменское қаласына сапар жасады.
Қала тұрғындары заманымыздың көрнекті саясаткері өмірінің маңызды кезеңін Каменское қаласында өткізгенін мақтан тұтады. Қала билігі өзінің құрметті азаматы туралы естелікті жылы сақтайды: тарих мұражайлар мен жоғары кәсіптік училищеде Елбасыға арналған арнайы бөлімдер құрылған. Қаланың орталық көшелерінің бірінде Тұңғыш Президентке барельеф орнатылған. Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаевтың ең жоғары мемлекеттік лауазымда Каменское қаласында бірнеше рет болғанын, Украинада оқыған жылдары туралы әрдайым жылы еске алатынын қалада ерекше бағалайды.
«№8 техникалық училище - менің тірегім. Мен өмір бойы осы жерде оқыған жылдарымды есте сақтаймын. Мүмкін, мен дәл осы жерде бастау алу арқылы қазіргі жағдайыма жеттім», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы училищенің пікірлер кітабына осындай жазба қалдырған.
Бұл нысандарда, сондай-ақ Қазақстанның болашақ көшбасшысы өндірістік тәжірибесін өткізген Днепр металлургия комбинатында қазақстандық дипломатиялық өкілінің басшысы болды.
Кездесулер барысында Н.Ә.Назарбаевтың серіктестері, ал олардың ішінде күрес бойынша Тұңғыш Президенттің жаттықтырушысы Лев Ежевский естеліктерімен бөлісті. Олар Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан Каменское бай тарихының маңызды бөлігі болатындығын атап өтті.
Келе жатқан мерейтойға орай Каменское қаласында қалалық командалар арасында волейболдан 5-ші турнир өткізілді.