Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мерейтойы қарсаңында «Көшбасшы жолы» атты халықаралық конференциясы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мерейтойы қарсаңында «Көшбасшы жолы» атты халықаралық конференциясы өтті

2020 жылғы 3 шілдеде Киевте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі «Көшбасшы жолы» атты халықаралық конференциясын ұйымдастырды.

Елші Дархан Кәлетаев конференцияны аша отырып, Қазақстан азаматтары үшін Нұрсұлтан Назарбаев - бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, ұлттың сөзсіз көшбасшысы екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат Елбасының дана басшылығымен еліміздің дамуындағы тарихи кезеңдер туралы хабарлады. Бұл ретте, елдің барлық жетістіктері мен табыстары Тұңғыш Президенттің есімімен байланыстылығы ерекше аталып өтілді.

Украинаның Президенті Леонид Кучма (1994-2005 жж.) Н.Ә.Назарбаевқа жылы тілектерімен құттықтау жолдады. «Сіз үшін ең басты сыйлық - бұл күн сайын Сіздің қол тумаңызды, Тәуелсіз Қазақстанды, қуатты мемлекет ретінде көру бақыты болып табылады. Сіз және Сіздің Отаныңыз бір-бірлеріңізден ажырамассыздар», - делінген хатта.

Грузияның экс-Президенті Михаил Саакашвилидің сөйлеген сөзі өте қызықты және әсерлі болды, ол Тұңғыш Президентті «идеялары ғана емес, оларды іске асыра алатын, нәтижеге қол жеткізетін» көрнекті халықаралық көшбасшы деп атады. Ол Н.Ә.Назарбаевты ХХ-ХХІ ғасырлардағы «бес» әлемдік көшбасшылар құрамына кіретін қызықты мемлекет қайраткерлерінің бірі деп санайтынын баса айтты. «Адалдық, парасаттылық, тепе-теңдік» Н.Ә.Назарбаевтың айрықша белгілері болып табылады, деп санайды украиндық саясаткер. Сонымен бірге, ол оның саяси даңқтың «асып тұрған кезінде» кетуі - Қазақстанның Тұңғыш Президентін сипаттайтын ерекше қадам екенін атап өтті. «Назарбаевтың іс-әрекеті ғасырлар бойы тарихта қалады, өйткені ол берік негізге құрылған», - деп түйіндеді М.Саакашвили.

Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Н.Ә.Назарбаев, олардың дамуына айтарлықтай күш-жігер жұмсайтын, қазіргі қазақстандық-украиндық қатынастарының «сәулетшісі» болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Украинада оның украиндық халыққа деген ыстық ықыласын бағалайтындығын және Н.Ә.Назарбаевты біздің заманымыздың көрнекті көшбасшыларының қатарына жатқызатынын айтты.

Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі Константин Грищенко Н.Ә.Назарбаев саясаттан жоғары адам, өз халқының нағыз көшбасшысы екенін айтты. «Алғашқы күннен бастап ол Қазақстанды өркендеген мемлекет ретінде көрді», - деп атап өтті украиндық дипломат. Ол сонымен қатар жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі тұрақты жұмыс атқарған Елбасының керемет дипломатиялық шеберлігіне атады. Мұндай тәсіл, оның пікірінше, әлемдік қауымдастықтың құрметіне ие болды және Қазақстанға халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды орын алуға мүмкіндік берді.

Украиналық Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының Президенті Анатолий Кинах Тұңғыш Президент қалыптастырған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму моделіне жоғары баға берді. Ол Украинаның Министрлер Кабинетін басқарған кезде Қазақстан Көшбасшысымен бірнеше рет кездескенін атап өтіп, оның әрқашан өзінің жоғары кәсіби қасиеттері мен мәселелерді шешудегі парасатты көзқарасын еске алды. А.Кинах Н.Назарбаевтың «аты аңызға айналған тұлға, халықаралық деңгейдегі мемлекет қайраткер» екенін атап өтті.

Украинаның Халық депутаты, Қазақстанмен Парламенттік достық тобының жетекшісі Евгений Шевченко Қазақстан көптеген мемлекеттерге, оның ішінде Украинаға ұлтаралық және конфессияаралық бірлікті қалыптастыруда үлгі болып табылады деп санайды. «Назарбаевтың ұлтты біріктіру мен нығайту саясаты ұзақ жылдар бойы өз жемісін беріп келеді», - деді саясаткер.

Украинаның Халық депутаты Иван Кириленко қазақстандық-украиндық қарым-қатынастардың тарихында аз белгілі беттерін ашты. Оның айтуынша, 2003 жылы (ол сол кезде Ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі Вице-премьер қызметін атқарған) Украина соңғы 300 жыл ішінде бірінші рет құрғақшылықтың салдарынан бүкіл күздік дақылынан айырылған себепті бидайсыз қалған. Ел ашаршылық алдында тұрған. Басқа мемлекеттерден көмек іздеп жүгінген жолдаулар қолдау таппаған. Тек Н.Ә.Назарбаев Л.Кучманың өтінішіне дереу жауап берген және Украинаға қазақстандық бидай эшелондары келген.

Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков: «Қазақстанның тұңғыш Президенті шынайы көшбасшы ретінде Қазақстан бизнесін басқа елдердің озық тәжірибелерін қолдана отырып, табысқа кенелткен. 330 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, елге көптеген трансұлттық компанияларды әкелу және елдің индустриалды дамуын қамтамасыз ету елеулі күш пен жігерді қажет етеді. Бұл Украина экономикасының дамуына жақсы үлгі, деді Геннадий Дмитриевич.

Іс-шара барысында «Слуга народа», «Батькивщина», «Голос» партияларының халық депутаттары, академиялық және іскер топтар, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы сөз сөйледі.

«Қазақстанның достары» - авторлық ұжым Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Испытание историей» кітабын ұсынды, ол бойынша жұмыс Қазақстанда да, Украинада да архивтік материалдарды қолдану арқылы екі жыл бойы жүргізілген.