Қазақстанның Украинадағы Елшісі «Укробронпром» Мемлекеттік концерннің Бас директорымен кездесуі

Қазақстанның Украинадағы Елшісі «Укробронпром» Мемлекеттік концерннің Бас директорымен кездесуі

2020 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың «Укробронпром» Мемлекеттік концерннің Бас директоры Айварос Абромавичуспен кездесуі өтті.

Сұхбаттасушылар екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайы мен келешектерін талқылады. Осы саладағы қазақстандық-украиналық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бойынша нақты қадамдар белгіленді. Атап айтқанда, ұшақ құрастыру, қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу және бірлескен кооперациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.