Елшілік Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» украин тілінде басып шығарды

Елшілік Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» украин тілінде басып шығарды

Осы жылы Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға - қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойлануда. Абай мұрасы - баға жетпес қазына.

 

Украина үшін Шевченко, Англия үшін Шекспир секілді, Қазақстан үшін Абай –  ақыннан да артығырақ, ол ел тарихындағы ең ұлы тұлға.

 

Мерейтойды атап өту аясында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» украин тілінде басып шығарды.

 

Кітаптың ресми тұсаукесері жақын арада Украинаның академиялық ортасы, сарапшылар қауымдастығы, қазақ диаспорасы мен БАҚ қатысуымен өткізіледі.