
2020 жылғы 12 мамырда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтің Украина мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Шейх Ахмед Тамиммен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында әңгімелесушілер Украина мен Қазақстандағы Исламның жағдайы мен даму үдерісі, екі елдің діни экстремизмге қарсы тұру және деструктивті діни ағымдардың насихатының алдын-алу саласындағы тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты. Осы тұрғыда УМДБ Төрағасы Қазақстанның елде бейбітшілік пен дінаралық келісімді сақтау жөніндегі сарабдал саясатын жоғары бағалады. Сонымен бірге, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дінаралық және өркениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар мешіттерге келушілер арасында коронавирустың тарауын болдырмау тәжірибесімен бөлісті.