Марапат өз батырын тапты

Марапат өз батырын тапты

2020 жылғы 11 мамырда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын тойлау шеңберінде «Белгісіз солдат» тарихи іздеу қауымдастығы» украиналық іздестіру ұйымының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында ұйымның командирі Андрей Пулин қазақстандық дипломатқа Шығыс Қазақстан облысының тумасы Бабағұмар Ысқақовтың «За боевые заслуги» медалін тапсырды. Бұл марапатты «Белгісіз солдат» тарихи іздеу қауымдастығы» Украинаның батыс облыстарының біріндегі шайқас алаңынан тапқан. Медаль иесі оның нөмірімен анықталды.

Б.Ысқақов бүкіл соғыстан өтіп, сержант атағын алды. 1943 жылдың 14 тамыздан 29 қыркүйекке дейін Украинадағы шайқастарға қатысқаны үшін «За боевые заслуги» медалімен марапатталған.

Д.Кәлетаев іздестіру тобына Қызыл Армия жауынгерлерінің есімдерін қалпына келтірудегі қажырлы және игі жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Медаль қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын қазақстандық жауынгердің туыстарына жеткізіледі.