Үстіміздегі жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Футбол қауымдастығының Президенті Андрей Павелкомен кездесті.
Спорттық функционер Украинадағы кәсіби және әуесқой футболдың дамуы, коронавирустың бұқаралық спортқа тигізетін кері әсерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Украина арасында бірқатар нақты футбол жобаларын жүзеге асыруды ұсынды.
Өз кезегінде, Қазақстанның Елшісі Украинадағы танымал футбол клубтарының негізінде Қазақстанның жас спортшыларын оқыту мен дайындауды ұйымдастыру, мамандармен алмасу мәселелерін көтерді.