Елші «Наши» саяси партиясының жетекшісімен, Украинадағы аналитикалық қоғамдастық пен БАҚ өкілдерімен кездесті

Елші «Наши» саяси партиясының жетекшісімен, Украинадағы аналитикалық қоғамдастық пен БАҚ өкілдерімен кездесті

2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев белгілі украиндық саясаткері, «Наши» саяси партиясының жетекшісі Евгений Мураевпен кездесті.

Әңгіме барысында қазақстандық-украиндық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ бірқатар бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды. Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін үйлестірілімді құрметтеу мәселелері жеке блок болды.

   

Осы күні қазақстандық дипломат Украинадағы аналитикалық қоғамдастық пен БАҚ өкілдерімен кездесті.

Д.Кәлетаев сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасындағы ағымдағы үрдістер, оның ішінде Қазақстан билігінің халықты, шағын және орта бизнесті коронавирус жағдайында қолдауға бағытталған күш-жігері туралы хабарлады. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысының қорытындысы мен Мемлекет басшысының COVID-2019 туралы мәлімдемесіне баса назар аударылды.